030

БЕЛСЕНДІ ЖАС – БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ БЕТ БЕЙНЕСІ

 

Халықаралық студенттер күні мерекесі аясында Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Diamond show» студенттік жастар балы өткізілген болатын.

 

Студенттік жастар кеші барысында өңіріміздегі үздік оқу орындарының көшбасшы студенттерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

 

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» білім беру мекемесінен қатысушы «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті, Студенттік Парламент Президентінің ұйымдастырушылық жұмыстар бойынша орынбасары, оқу тобының басшысы, биші, волонтерлер арасында ұйымдастырылған «Ай үздігі» номинациясының иегері, мақтанышымыз – Серікбай Азиза Бақытқызы белесене қатысып, осы уақытқа дейінгі жетістіктері мен оқу орнының артықшылықтарын арнайы көрме арқылы көптің назарына ұсынды.

 

Арнайы шара барысындағы ерекше белсенділігі үшін Азиза Бақытқызы облысы әкімі аппарат басшысының арнайы Алғыс хатын иеленді.

 

Қалалық мәдени іс-шарада колледжіміздің атынан ұйымдастырып, жетекшілік еткен «Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің әдіскері Ербозым Орынбасар Жарасқанұлы.

 

031

032